Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бойынша 600-ге жуық жоба жүзеге асты

Биыл Қызылорда облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша 600-ге жуық жоба жүзеге асты.

Оның төртеуі Бесарық ауылында орналасқан. Президент тапсырмасы бойынша қолға алынған бағдарлама аясында енді елдімекенде шұлық, қолғап тоқитын цех ашылып, сабын және жартылай дайын өнімдер шығарылады. Үкімет басшысы Олжас Бектенов ауылдағы шағын кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Мұнда «Өңірлік инвестициялық орталығы» арқылы 61 миллион теңге болатын бірнеше бизнес-идея жүзеге асып жатыр. Бұдан бөлек жергілікті шаруа қожалығының демеушілігімен 229 милион теңгеге бағаланған өндіріс орындары іске қосылды.

Мұрат Сәрсенбаев, шаруа қожалығының төрағасы:

- Пластикалық ыдыс шығару, наски тоқу, қолғап, тағы басқа полуфабрикат дейміз, кондитарлік өнімдерін шығаратын және өзіміз тағы фри зауытын қойдық. Фри зауытын қойғандағы мақсатымыз келешек осы жерде картоп дақылын егіп, әрі қарай осы елді мекенде бизнесті дамытып, осы елде жұмыссыздықты азайтып, әрі қарай көп деген мақсатта жұмыс жасап жатырмыз.  

Жалпы былтыр өңірде «Ауыл аманаты» жобасы бойынша 3 миллиард теңге игерілді. 406 жоба қаржыландырылып, 713 жұмыс орыны ашылды.