Жыл басынан бері құны ₸43 млн асатын жалған ақша тәркіленді
Жаңа ғана ақша санау туралы айттық. Сол ақша демекші, жыл басынан бері ел аумағында 1060 жалған банкнот тәркіленіпті.
Жалпы сомасы 43 млн теңгеден асады. Оның ішінде ұлттық валютадағы 141 банкноттың құны – 647 мың теңге. Сондай-ақ айналымнан алынған банкноттар қатарында құны 90 мың АҚШ долларынан асатын 905 купюра, 2 мың еуро болатын 4 купюра және 1 мың юань сомасына 10 купюра бар. Жалған ақша жасап, таратқан 8 адам 5 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.
Ал бұған дейін, яғни, 2022 жылы 3523 жалған банкнот, былтыр 1763 жалған банкнот айналымда жүргені анықталып, тәркіленген еді.