Елімізде мүгедектігі бар 106 800 адам жұмыспен қамтылды
Елде мүгедектігі бар 732 100 адам тұрады, ол халықтың жалпы санының 3,6%-і, деп хабарлайды 24kz.
Сол жандардың 381,3 мыңы еңбекке қабілетті жаста. Осы уақытқа дейін ерекше қажеттіліктері бар 106 800 адам жұмыспен қамтылған.
Жыл басынан бері 20 мың 700-ден астам мүмкіндігі шектеулі жанға жұмыспен қамтудың әр түрлі шаралары көрсетілді. Олардың 6 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасты. Бес мың 900 адам қоғамдық жұмыстарға тартылыпты. Екі мыңға жуығы «Күміс жас жобасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалары бойынша жұмысқа орналасқан.