Павлодарда Ұлттық валюта күніне орай көрме өтіп жатыр

Ертіс өңірінен табылған жәдігерлердің ең құндысы Алтын Орда дәуіріне тиесілі. Павлодарда Ұлттық валюта күніне орай ақшалар көрмесі өтіп жатыр.

Ертіс музейіндегі экспозицияда елде алғаш шығарылған қағаз тиындар, теңгелер, ұлы тұлғалардың суреттері бейнеленген мерейтойлық банкноттар бар. Ескі ақшалардың түр-түрі мен өзге елдердің де ерте кездегі темір тиындарын көруге болады. Қазба жұмыстары кезінде Ертіс өңірінен табылған тиындар да бірегей құнды жәдігерлер қатарында тұр. Көпшілік назарына музей қорында сақталған және жергілікті нумизматтардың коллекциясынан алынған бағалы қағаздар да ұсынылды.

Арман Әлиақпаров, Потанин атындағы тарихи-өлкетану музейінің директоры:

- Қарасақ, бәрі де құнды. Себебі ескі теңгелер де бар, теңге, таңга – сол кездегі шыққан ақшалар. Содан кейін қазіргі Тәуелсіздік кезіндегі халық көрмеген, өте шағын сериямен шыққан монеталар бар. Оны жай кісі көре алмайды. Себебі ол коллекционерлердің қолдарына кетіп қалған.