Абай облысында 20 мыңға жуық адам баспана кезегінде тұр

Қазір аудандарда қоспәтерлі жер үйлер салынып жатыр, деп хабарлайды 24KZ. Мысалы, Бородулиха ауданында 34 үйдің құрылысы басталды.

Жаңа баспаналардың кілті 2025 жылға дейін беріледі. Бұған 500 миллион теңге бөлінді. Үйлер көпбалалы аналарға, ата-анасының қарауынсыз қалғандар мен әлеуметтік осал топқа жататын отбасыларға үлестіріледі. «Құрылыс кестеге сай жүріп жатыр», – дейді жергілікті билік өкілдері. Жыл басынан бері 500-ге жуық облыс тұрғыны баспаналы болды.

Елдар Қанарбаев, Бородулиха аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бородулиха ауылында 10 үй салынып жатыр. Қалғаны ауданға қарасты ауылдарда бой көтереді. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтағы отбасыларына, көпбалалы аналар мен кезекте тұрғандарға беріледі. Үйдің шаршы метрін 200 мың теңгеден сатып аламыз. Сонда әрқайсысының құны шамамен 17 млн теңге.