403 мың адамға АӘК берілді

403 мың адамға атаулы әлеуметтік көмек берілді.

Осы мақсатқа бюджеттен 54 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінген. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. Аталмыш көмек – табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан аспайтын азаматтарға ғана беріледі. Ақшалай қолдаудың негізгі мақсаты – еңбекке қабілетті азаматтарға жәрдемдесу арқылы, отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару. Бұл көмек кірісі аз отбасылардағы 1 мен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде ай сайынғы қосымша төлем ретінде беріледі. Сондай-ақ жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті азаматтарға грант беру секілді жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі. Бүгінде қазақстандықтар қаржылай көмекті алу үшін тұрғылықты жеріне сәйкес, мансап орталығында немесе электрондық үкімет порталы арқылы өтініш бере алады.

Атаулы әлеуметтік көмек 

1 Табысы өңірлік ең төмен күнкөріс деңгейінің 70%-нан аспайтын азаматтарға тоқсан сайын әлеуметтік көмек тағайындау

2 Табысы аз отбасылардағы 1 мен 6 жас аралығындағы әр балаға 1,5 АЕК (5 538 теңге) мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем беру

3 Жұмысқа орналастыру, өз ісін ашуға ниетті отбасыларға гранттар беру, біліктілікті арттыру курстарына жіберу (қажет болған жағдайда) арқылы жұмыспен қамтуға жәрдемдесу