Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД елдерімен бірлесе дамытпақ
Қазақстан көлік-транзит дәліздерін ТМД мемлекеттерімен бірлесе отырып дамытпақ.
Бұл туралы Мәскеуде көлік апталығы аясында өткен жиында айтылды. Көлік вице-министрі Талғат Ластаев елдер арасындағы жүк тасымалдау көлемін ұлғайтып, транзиттік әлеуетті дамыту маңызды екенін атап өтті. Әрі экономикалық интеграцияны тереңдетуге ықпал ететін тұрақты және тиімді көлік жүйесін қалыптастыру қажеттігін жеткізді. Жиында халықаралық логистиканы дамыту, саланы цифрландыру, жолаушылар тасымалы сынды мәселелер қаралды.