Қаржы мониторингі агенттігі: Алаяқтардан абай болыңыз!

Әккілер өздерін Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметкерлері ретінде таныстырып, тұрғындарға қоңырау шалған, деп хабарлайды 24kz.

Оларға алаяқтықтың жиілеп кеткені жайлы хабарлап, азаматтардың ақшасын бөгде біреу ұрлауға тырысып жатқаны жайлы өтірік ақпарат берген. Ізінше шоттағы қаражатты сақтау үшін нұсқауларды орындауды сұраған. Өздерінің қызметкер екенін растау мақсатында құрбандарына жалған куәліктер мен агенттік логотипі бар құжаттардың фотосуретін жіберген. Арбауға түскен азаматтар кейбір қаскүнемнің шотына қаржысын аударып үлгерген.

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің ресми өкілі:

- Қаржылық мониторингі агенттігінің атынан әлеуметтік желілерде жалған парақшаларды ашу фактілері де жиілеп кеткен. Белгісіз тұлғалар азаматтарға алаяқтық жобаларға салынған қаражаттарын тез қайтаруды ұсынады. Парақшада жеке деректеріңізді, телефон нөмірін, сондай-ақ жоғалған қаражат сомасын енгізу ұсынылады. Қаржы мониторингі агенттігі жеке тұлғаларға телефон байланысы арқылы да, мессенджерлер арқылы да қоңырау шалмайды. Азаматтардан қырағы болуға, ақпаратты ресми дереккөздермен салыстыруға және алаяқтардың айла-амалдарына алданбауды сұраймыз.