ЦАХАЛ Газада кепілде болған тұтқындарды қабылдауға дайын
Израиль әскері Газа секторындағы тұтқындардың алғашқы легін қабылдауға дайындықты бастады.
Бұл операция «Бостандық қанаттары» деп аталады. Қақтығысты тоқтату туралы келісімнің шарты бойынша үш адам бүгін босатылуы тиіс. Мәміле ресми түрде бүгін, 19 қаңтар күшіне енді. Тұтқындағылар Газа секторының шекарасына жақын жерде арнайы құрылған үш бекетте орналастырылады. Онда оларды Израиль қорғаныс күштерінің өкілдері, дәрігерлер мен психологтар күтіп алады. Еске салайын, ХАМАС пен Израиль аймақта атысты тоқтату бойынша 3 кезеңнен тұратын келісімге келді. Біріншісі 42 күнге созылады. Осы уақыт ішінде ХАМАС кепілге алынған 33 израильдікті бостандыққа жіберуге тиіс.