AMANAT: Гендерлік теңдікті ілгерілету керек

AMANAT партиясы Әйелдер қанатының мүшелері біржылдық жұмысты қорытындылады. Еліміздің барлық өңірінен келген 150-ден астам көшбасшы әйел алда тұрған өзекті мақсат-міндеттерді талқылады. Іс-шараға саяси және қоғам қайраткерлері, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, сондай-ақ Әзербайжан, Қырғызстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстаннан келген шетелдік қонақтар қатысты.

Салтанатты жиынды ашқан партияның атқарушы хатшысы Дәулет Кәрібек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың әйелдер құқығын қорғау, отбасы құндылығын нығайту және гендерлік теңдікті насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударатынын атап өтті.

Дәулет Кәрібек, AMANAT партиясының атқарушы хатшысы:

- Осыдан 1 жыл бұрын қазақстандық әйелдердің саяси белсенділігін арттыру мақсатында өзіміздің партия ішіндегі әйел азаматтардың жұмысын күшейту мақсатында біздің партиямыздың жанынан Әйелдер қанаты құрылған болатын. 1 жылдың көптеген маңызды шараларды жүзеге асырып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік.