Әскерилердің жауынгерлік дайындық тәсілдері қайта қаралды
Биыл әскерилердің жауынгерлік дайындық тәсілдері қайта қаралды.
Жауынгерлерді оқытуда жаңа механизмдер көптеп енгізілуде. Апта сайын атыс, тактикалық, медициналық дайындықтар, әскери топография және байланыс бойынша жаттығулар өткізіледі. Бұл іс-шаралар қазіргі заманғы қарулы қақтығыстардың тәжірибесін ескере отырып ұйымдастырылған. Бұл жайында бүгін қорғаныс министрлігінің алқа отырысында айтылды. Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, қазір армияны жаңа техникалармен толықтыру жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Тағы Қарулы күштер мен басқа да әскери құралымдардың жауынгерлері алғаш рет бірыңғай түсті далалық формаға көшті. Жалпы биыл Қарулы күштердің дайындық қарқындылығы мен сапасы артқан. Енді келер жылға әскери қауіпсіздік пен мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ететін деңгейде жауынгерлік және жұмылдыру дайындығын қолдау, сонымен қатар басқару органдарын даярлау міндеті тұр.