Есірткі өндірісі ең қауіпті қылмыс қатарына жатқызылды
Елде заңсыз есірткі өндірісі ең қауіпті есірткі қылмыстарының қатарына жатқызылды.
Бүгін Мәжіліс есірткі, психотроптық заттар және прекурсорлардың айналымына қарсы заңды екінші оқылымда қабылдады. Ондағы жаңа нормаларда есірткіні «жасау» және «өндіру» ұғымдары ажыратылады. Есірткіні заңсыз өндіру өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін жазалауға әкеп соғатын есірткі қылмыстарының аса қауіпті түрлеріне теңестіріледі. Атап айтқанда, есірткіні дайындау, қайта өңдеу қылмысы жаңа 297-1-бап ретінде енгізіледі. Қылмыстық кодекстің бұл бабын есірткі өндіру үшін 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.