2030 жылға дейін 42 су қоймасы салынады
Елде 2030 жылға дейін 42 су қоймасы салынады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл нысандарда 2,6 текше шақырым су жинауға болады. Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген тұжырымдама бойынша тағы 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам каналда жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтижесінде тасымалдау кезіндегі су шығыны 25%-ке азайып, суармалы жерлер көлемі 400 мың гектарға ұлғаяды. Биыл Түркістан облысында 2 су қоймасының құрылысы басталды. Жүзден астам жоба бойынша жобалық-сметалық құжаттама дайын.