«2024 - 2026 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» заң мақұлданды

Сенат «2024 - 2026 жылдарға арналған нақтыланған республикалық бюджет туралы» заңды мақұлдады. 

Құжаттың 2024 жылға арналған бюджет пен Ұлттық қор параметрлерінің болжамын нақтылау бөлігінде өзгерістер енгізілді. "Біріншіден, республикалық бюджеттің кірістері салық түсімдерін 3,1 трлн теңгеге азайтуға және салыққа жатпайтын түсімдерді 1,1 трлн теңгеге ұлғайтуға байланысты 2 трлн теңгеге азайды. Екіншіден, биыл республикалық бюджеттің шұғыл шығыстарын қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін, Ұлттық қордан берілетін нысаналы трансферт 2 трлн теңгеге ұлғайтылды, - деді Қаржы министрі Мәди Такиев. Депутаттар экономиканың өсу қарқыны 9 айда 4% деңгейінде қалыптасқанын атап өтті. Осы өзгерістер нәтижесінде республикалық бюджеттің параметрлері біршама өзгерді.

Сұлтанбек Мәкежанов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- 2024 жылға арналған ресбупликалық бюджеттің параметрі келесідей өзгерді. Яғни кірістер 2 трл теңгеге азайтылып, соның нәтижесінде 14,1 трл теңгені құрайтын болады. Шығыстар 23,9 трл теңге, тапшылық 3,7 мтрлн теңге көлемінде жалпы ішкі өнімде 2,7 пайызды құрайтын болды. 

Мәди Тәкиев, ҚР Қаржы министрі:

- ҚР Ұлттық қорынан Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2 трлн теңгеге нысаналы трансферт тарту барлық шұғыл шығыстарды, оның ішінде мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерін қаржыландыруға мүмкіндік береді.