Жамбыл облысында мектептерді жаңғыртуға ₸3,1 млрд бөлінді

Жамбыл облысында мектептерді жаңғыртуға ₸3,1 млрд бөлінді

Жамбыл облысында алдағы жылдары 3 ауысымды мектептер мәселесі толығымен шешіледі.

Бұл туралы облыс әкімі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді. Айтуынша, қазір аймақта балаларды 3 ауысыммен оқытатын 4 мектеп қалған. Жыл соңына дейін оның саны тағы екеуге қысқарады.

Ербол Қарашөкеев, Жамбыл облысының әкімі:

- Өңірде 36 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде. Бүгінде 13-і іске қосылды. Оның 3-еуі «Жайлы мектеп» жобасы аясында. 9 мектептің және 1 шығармашылық орталығымыз күрделі жөндеуден өтті. Мектептерді жаңғыртуға 3,1 млрд теңге бөлінді.