Ел прокурорлары 29 мың қылмыстық істі қарады
Жыл басынан бері ел прокурорлары 29 мың қылмыстық істі қараған, деп хабарлайды 24KZ. 236 іс алқабилердің қатысуымен қаралды. Прокурорлардың қарсылығымен 813 тұлғаға қатысты сот үкімі мен қаулысы заң талабына сәйкестендірілді. Сондай-ақ түзеу мекемелеріндегі әлімжеттік те прокурорлар назарында.
Биыл сотталушыны зәбірлеу жағдайы 24 істен 5-ке дейін қысқарған. Елдегі 78 қылмыстық-атқару жүйесінде бейнебақылау жүргізіледі. Бас-аяғы 40 мың камераға қашықтан мониторинг жүргізіледі. Электрондық шағым айту терминалдары 2 есе өсіп, 600-ден асты. Ал үш буынды модельге көшу кезінде прокурорлар 1,5 млн-нан астам процессуалдық шешімді зерделеді. Сондай-ақ тергеу және анықтау органдарының 125 мыңнан астам заңсыз іс жүргізу шешімдерінің күшін жойды.