Көкшетауда аймақтың үздік жастары марапатталды
Олар – түрлі салада өз еңбегімен елден оқ бойы озық келе жатқан білімді де өнерлі жастар. Биылғы шара «Жалынды Ақмола жастары» облыстық форумы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.
Марапаттау рәсімі «Үздік жас ғалым», «Жылдың жас дәрігері» «Жыл волонтері», «Ең креативті мобилограф» секілді 13 номинация бойынша жүргізілді. Бұл, өңірде жастар саясатын жүзеге асырып отырған үздік жастарға деген құрмет.
Айта кетейік, Ақмола облысында 210 мыңнан астам жас бар. Бұл – аймақ халқының 30%-і.
Аймырза Берікбол, «Жас Ақмола» сыйлығының иегері:
- Осындай жетістігімізді бағалап, жастарды қолдап, осындай марапаттап жатқанына өте қуаныштымын. Бұл біздің Ақмола жастарын әрі қарай талпынып жұмыс істеуге, әрі қарай өңір атын елімізге, дүниежүзілік басқа да сайыстарда көрсете алатына бір мүмкіндік деп айтсақ болады.