«Қарағанды-Балқаш» автожолының құрылысы аяқталды

Қарағанды мен Балқаштың арасындағы жол құрылысы аяқталып ашылды, деп хабарлайды 24KZ. Бұл екі ара 363 шақырым. Аталмыш учаске – Астана-Қарағанды-Алматы көлік дәлізінің маңызды стратегиялық бөлігінің бірі.

Қайта жаңарту аясында жол 3-ші санаттан І-б техникалық санатына ауысты. Яғни, ортасында жол бөлігі, яғни қоршауы бар, төрт жолақты қозғалысты қамтамасыз етеді. Құрылысы барысында 11 көпір, ауыл шаруашылығы техникаларына арналған 32 өткел, 3 көлік жол айрығы және 1 теміржол өткелі салынды. Жолауышлар үшін 18 демалыс алаңы, 24 аялдама, сондай-ақ 1452 жарық орнатылды. Қазіргі таңда учаскедегі көлік қарқындылығы тәулігіне 18 мың автокөлікті құраса, ал жаз мезгілінде 25 мыңға дейін өсуі мүмкін.

Дархан Иманашев, «ҚазАвтоЖол» ҰК басқарма төрағасы:

- Биыл «ҚазАвтоЖол» ҰҚ республикалық маңызы бар жолдар бойынша рекордты 8 мыңнан астам түрлі ремонттық жұмыстармен қамтылды. Оның ішінде 5 мың орташа, 3600 күрделі және реконструкция жұмыстары.