Қазақстанда мектеп асханаларын ескертусіз тексеру ұсынылды
Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев Сенатта өткен парламенттік тыңдауда айтты. Сенаторлардың сөзінше, биыл 578 бала мектептегі тегін тамақтан уланған.
«Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 4 есе артқан. Мектептердің 12%-інде, яғни 840-ында түрлі заңбұзушылықтар анықталды. 24 лауазымды тұлға түрлі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алайда «Кәсіпкерлік кодексінің» шеңберінде мектеп асханаларын ескертусіз бұл мүмкін болмай тұр», – деді ведомство өкілі. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі депутаттармен бірге жаңа тексеру әдістерін ұсынып жатыр.
Тимур Сұлтанғазиев, ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі:
- Кәсіптік кодекске байланысты тексерудің арнайы процедуралары бар. Сол процедура бойынша алдын ала мектептерді жартыжылдық тізімге енгізу керек. Тізімге енгеннен кейін сол мектепті және мектепке дейінгі ұйымдарға хабарлама жіберіледі. Енді хабарлама жібергеннен кейін олар алдын ала қажет нәрселерін жасап, дайындалып алады. Маңғыстау облысында, басқа да облыстарда балалардың улануы пайда болып жатыр. Осы себептердің түбін алып тастау үшін.