ШҚО-да аудармашы гид жетіспейді

Шығыс Қазақстан облысында гид-аудармашы жетіспейді.

Өңірдің туристік әлеуеті жоғары болғанымен қызмет көрсету сапасы төмен. Инфрақұрылым дұрыс болмағандықтан кәсіпкерлер тығырыққа тіреледі. Жолдың сапасы нашар, тау бөктерінде орналасқан шаңғы базаларына электр энергиясы жетіспейді. Соның кесірінен саяхаттап келетін шетелдік туристер азайып кетті. Кәсіпкерлер мен әкімдік өкілдері саладағы осындай өзекті мәселелерді талқыға салды. Кемпингтер, туристік нысандар мен жол бойында қызмет көрсететін орындардың құрылысына жұмсалған шығынды субсидиялау мәселесі сөз болды. Шекаралас жатқан Ресей мен Қытай мемлекеті әріптестік орнатуға мүдделі. Қазірдің өзінде Қытай тарапынан 14 туристік оператор өңірдің әлеуетін зерттеу үстінде. Әсіресе қысқы туризмге қызығушылық бар. Сол себепті қонақ үйлерді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру керек, - дейді жиынға қатысушылар. Жалпы облыс көлемінде туристерге арналған 400 қонақ үй бар. Олардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарына 700 миллион теңгеден астам инвестициялық субсидия құйылған. Меймандарға сапалы қызмет көрсету үшін ақпараттық жадынамаларды цифрландыру ұсынылды. Ал музей, вокзал мен әуежайларға QR-код енгізіледі.

Сымбат Рамазанов, облыстық кәсіпкерлер палатасы туризм кеңесінің төрағасы:

- Ағылшын-қытай тілін білетін гидтардың тапшылығы бізде өте көп. Қатон -Қарағай, Марқакөл, Риддер жақта жаңағы осы тіл білмейтін гидтармен. Сондықтан біз Үкімет тарапынан айтып отырмыз осы гидтарды дайындауға үлкен бір бағдарлама керек пе екен. Әлде семинарлар ұйымдастыруымыз керек пе екен бізге осындай жағдайлар керек.