Amway өнімдері Қазақстанда он жылдан бері сатылып келеді

Нутрилайт брендіне 90 жыл.

Әлемдік нарықта 65, Қазақстанда 10 жыл. Осыған орай Amway Орталық Азия компаниясы Алматыда ((Nutrilite)) Нутрилайт брендінің мерейтойын атап өтті. Атқарылып жатқан жұмысына есеп берді. Айта кетейік, компания биологиялық белсенді қоспаны алғаш болып болып шығарған. Содан бері өнімнің сапасына оның жасалу технологиясына ерекше ден қойып келеді. Бренд өсімдікті өздерінің арнайы сертифакат алған фермаларында өсіріп, жинайды, өңдейді.

Amway өнімдері Қазақстанда 10 жылдан бері сатылып келеді. Осы уақыт ішінде көптеген қалаларда қызмет көрсету орталықтары, қоймалар, дүкендер мен жеткізу нысандары ашылды. Елімізде 4000-нан астам жеке серіктесі мен 750 000 тұрақты тұтынушысы бар. Компанияның мәліметінше, оларға осы уақыт ішінде бюджетке 20 млрд теңге салық түскен. Мерейтойды атап өтуге 400-ден астам мейман шақырылды. 

Ник Музашвили, "Amway Орталық Азия" ЖШС директоры:

- Нутрилайт ашылғалы бері инновациялық жолды ұстанады. Өнімдерімізді үнемі жақсартуға тырысамыз. Біз ең алдымен зертханаларға қаржы құямыз. Жаңа әдіс-тәсілдерден, соңғы технологиялық зертеттеулерге ақша аямаймыз. Сондықтан, сапа жағынан, халыққа қызмет көрсету жағынан өзгелерден алдамыз, деп сеніммен айта алам.

Компания серіктестерге қосымша білім алуға қолдау көрсетеді. Бұл тренингтер, онлайн курстар және басқа да білім беру іс-шаралары. Мысалы, Астана медицина университетімен бірлесіп «Базалық нутрициология» курсы жасалды. Биыл 2000-ға жуық көшбасшы салауатты өмір салтын үйрету курсынан өтті. 

Ник Музашвили, "Amway Орталық Азия" ЖШС директоры:

- Эмвей әрқашан өзінің көшбасшыларын қолдайды. Астанада біздің тамақтану институты жұмыс істейді. Біз оны барынша дамытып жатырмыз. Серіктестеріміз бар. Мәселен, Стэнфорд университеті. Олардан ғылыми жұмыстарды алып, соның негізінде білім береміз. Оқытамыз.

Amway ауқымын кеңейте бермек. Жоспары ауқымды. Осы кеште моңғол тілінде ақпарат беретін веб-сайт таныстырылды.

Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Жакупов