Атырауда «Дендер» аудандық газеті 90 жылдығын атап өтті
Атырауда «Дендер» аудандық газетінің 90 жылдығына орай «Туған жердің жаршысы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Шараға ардагер журналистер мен ғалымдар, газет ұжымдары мен оқырмандар қатысты. Қазір 3 жарым мың оқырманы бар, аудандық газеттің алғашқы нөмірі 1934 жылдың ақпанында «Социалистік мал шаруашылығы» деген атпен, жарыққа шыққан. Содан бері үзбестен оқырмандарына серік болған басылым уақыт талабымен үндесіп, тынымсыз еңбек етіп келеді. Конференцияда газет тарихы, бүгінгі қоғамдағы аудандық басылымдардың ролі және оны жаңғырту жолдары деген тақырыптарда, баяндамалар жасалды. Келешекте газет тігін-ділерінде сақталған материалдарды, электронды форматқа көшіріп, өлке тариыхына енгізу туралы мәселе көтерілді.
Жанай Амантурлин, "Дендер" аудандық қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы:
- Сол арқылы біз газеттің тұтас шежіресін хаттап, келер ұрпаққа табыстау негізгі бағдар болып отыр. Әрине қазіргі замана талабаына байланысты қазір баспасөзге де тың жаңалық қажет. Әсіресе салалық тақырыптарға жазылатын материалдар. Ол үшін журналистер де жаңа бағытта жұмыс жасап, дамып келе жатыр. Өйткені әлеуметтік желіні қатар алып келе жатырмыз.