Шығыста балықшыларға қауіпсіздік ережелері күшейтілді

Шығыста балықшыларға қауіпсіздік ережелері күшейтілді

Шығыс Қазақстанда «МҰЗ» іс-шарасы аясында қауіпсіздік күшейтілді.

Құтқарушылар енді қата бастаған мұз үстінде, балық аулайтындарға ескерту жасады. Мамандардың айтуынша, қауіпсіздікті елемейтіндер көп. Сондықтан күзден бері мыңнан аса рейд өткізілді. Жүздеген балықшыға түсіндіру парақшасы таратылды. Шалғайдағы Тарбағатай, Күршім, Алтай, Глубокое аудандарында тәртіп бұзғандар саны артқан. Әсіресе Ұлан ауданында, жұқа мұздың үстінде, жайбарақат қармақ салатындар көп, дейді мамандар. Енді 25 сантиметрден жұқа мұз бетіне шыққан адамдарға 30 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Биыл өлкеде төрт балықшы суға кеткен.

Ағажаев, ШҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Қаупсіздік талабына атүсті қарамау керек. Қажетті сақтық құралдарын алып жүру артық етпейді. Мұз үстінде балық аулап отырған адамда құтқару кеудешесі, оқыс жағдайда көмек шақыру үшін керек болатын ысқыратын құрал,ұзындығы 2 метрге жететін таяқ пен арқан болу қажет. Бұдан былай осы заттар болмаса, 7 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.