Бүгін – Халықаралық азаматтық авиация күні
Кәсіби мереке 1994 жылы 7 желтоқсанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының 50 жылдығына байланысты белгіленген, деп хабарлайды 24kz.
Содан бері әлем елдері кейінгі 30 жылда тұрақты түрде атап өтіп келеді. Қазір бұл салада бас-аяғы 20 мыңнан аса отандасымыз еңбек етіп жүр. Олардың кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің арқасында жыл басынан бері 12 млн-нан аса адам діттеген жеріне аман-есен жетті. Барлығы 51 ішкі, 118 халықаралық бағыт бойынша рейстер орындалды.
Салтанат Томпиева, ҚР КМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:
- Салада жылына 500-600-ге тарта маман тапшылығы орын алады. Бізде азаматтық авиация академиясы бар. Білім ордасын бүгінге дейін 12 мыңнан аса студент бітіріп шықты. Расында, үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Сондықтан мұнда тек мамандыққа деген қызығушылғы бар азаматтар істейді деп айта аламын.