Павлодар облысындағы балалар лагері жылусыз қалды
Павлодарға жақын тұрған «Балдәурен» лагері жылусыз қалды, деп хабарлайды 24KZ. Жылу параметрлерінің төмендеуіне байланысты лагерьде демалып жатқан 86 бала үйлеріне қайтарылды. Ал арнайы мамандар жылу құбырындағы ақауды жоюға кірісіп кетті.
Қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин ақпаратты растады және демалушылардың пайдаланылмаған демалыс күндерінің қаражаты ата-аналарға қайтарылатынын мәлімдеді.