Биыл қаржы пирамидалары тұрғындарға ₸20 млрд шығын келтірді

Жыл басынан бері қаржы пирамидаларын құру және басқару фактілері бойынша тұрғындарға 20 млрд теңгеден аса шығын келтіріліп, 68 қылмыстық іс тергелді. Бүгінде оның 13 млрд теңгеден астам қаражаты өтелді. Бұл жайында Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады.

Сондай-ақ жыл басынан бері интернет кеңістігінде 47 қаржы пирамидасы анықталды. Әлеуметтік желілерде оларға қатысты 300-ге жуық чат жабылды. Қаржы пирамидаларының шамамен 2 миллионға жуық қатысушысы болған. Талдау нәтижесінде 11 мыңнан астам күдікті сілтеме бұғатталды.