«Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандар ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігі «Никольский» базарын шетелдіктерге сатып жібермек болғандардың ісін әшкереледі. Айдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының сот үкімімен тәркіленген мүлкін заңсыз сату фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Құны 2,2 млрд теңге болатын мүлік пен жер учаскесін шетелдік инвесторларға сату мақсатында бөгде тұлғаларға қайта ресімдегені белгілі болды.

Агенттік алаяқтық үшін бұрын сотталған үш адамды анықтап ұстады. Сондай-ақ жалған құжаттар жасап, мүлікті иеліктен шығаруға ықпал еткен сыбайлас анықталды. Тергеу жалғасып жатыр.