Жамбыл облысының прокурорлары 7 мың тұрғынның құқығын қорғады
Жамбыл облысының прокурорлары 7 мыңнан астам тұрғынның құқығын қорғады, деп хабарлайды 24KZ. Өңірде қауіп төндіретін жағдайлар бойынша халықты хабардар ету мәселесі тексерілді. Оның аясында «112» кезекші-диспетчерлік қызметі ауа райының нашарлауы, жауын-шашын мен су тасқыны қаупі болғанына қарамастан 7 мыңнан аса абонентті хабардар етпеген.
Жауапты мамандар ұялы операторлар арқылы хабарламаны уақытылы жіберуге міндеттелді.