Геология саласы дамып жатыр

Қазақстанда жалақысы жоғары салалардың бірі геология.

Жас мамандарың еңбекақысы 300 мың теңгеден басталса, тәжірибелі геологтар 1 миллион теңгеден жоғары алады. Дегенмен жыл сайын салада 2 мыңнан астам маман жетіспейді. Тау-кен саласында еңбек ететіндердің көбі аға-буын өкілдері. Қазір елде кен орындарын зерттеу жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Жерасты қазба байлықтарды игеруде заманауи әдістер қолданылып, шикізат өндірісінің көлемі артты. Қазақстанда  қатты пайдалы қазбаларды игеретін мыңға тарта кен орны мемлекеттік есепке алынған. Оған қоса, келер жылдан бастап «Еңбек сіңірген геолог» мемлекеттік наградасы енгізіледі. Бұл өз кезегінде сала мамандары мәртебесінің артуына ықпал етпек.

Кадр тапшылығы мәселесі шешімін тапты ма? Ел аумағындағы пайдалы қазбалар қоры туралы не айтасыз?

 Елімізде соңғы жылдары Геология мамандығын таңдаушылар саны артқан.

 Осыдан бірер жыл бұрын бұл бағытта 1224 студент оқыса, биыл тау-кен және геология саласындағы мамандықтар бойынша үш мыңнан астам азамат оқу бітірді. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта тағы артуы мүмкін дейді сала мамандары. Жалпы, елде геология саласында айтарлықтай ілгерілеу байқалады. Қазір жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу шеңберінде 12 учаскеде іздеу жұмыстары жалғасып жатыр......

Ерлан  Ақбаров, ҚР ӨКМ Геология комитетінің төрағасы:

- Бүгінгі күні қорлары шамамен 800 мың тоннаға бағаланатын Күйректікөл учаскесінің перспективалылығы туралы деректер бар, ал сирек кездесетін металдардың, оның ішінде церий мен лантанидтердің 935,4 мың тонна сомасының болжамды ресурстары бар және де осы сияқты сирек жер металдарын барлауға арналған жұмыстар өз жалғасын табуда.

Ел аумағында 355 көмірсутек , 987 қатты пайдалы қазбалар, 3,5 мыңнан астам кең таралған пайдалы қазбалардың кен орындары және 4,5 мыңнан аса жер асты сулары тіркелген.......

Мемлекеттік есепке алынды:

көмірсутектер – 355    

қатты пайдалы қазбалар – 987

кең таралған пайдалы қазбалар – 3 666

жер асты сулары – 4540

Ерлан  Ақбаров, ҚР ӨКМ Геология комитетінің төрағасы:

- Қазіргі уақытта геологтар шамамен 76 млрд. тонна болжамды отын ресурстары бар 15 шөгінді бассейн бар екенін көрсетеді. Бүгінгі таңда мұнай-газ өндірудің барлық көлемі игерілген 5 бассейнге тиесілі. Олардың ішіндегі ең ірісі – Каспий маңы, ол елдің ресурстық базасының шамамен 80% құрайды.

 Жыл басынан бері геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде құрамында минералды қоры мен ресурстары бар 17 кен орны мемлекеттік тіркеуге алынды.  Пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорларында да біршама өзгеріс бар. Мәселен, жыл басынан бері алтын қоры – 522 мың, күміс – 281 мың, хром кендері – 2381,1 тоннаға өсті. Ал, уран – 44 мың, мыс – 800 мың, фосфорит кендері – 82 млн, мұнай – 277 млн және конденсат – 1,9 млн тоннаға ұлғайған.

пайдалы қазбалардың ресурстары мен қорлары бойынша:

Алтын – 522 тоннаға

Күміс – 281 мың тоннаға

Хром кендері – 2383,1 мың тоннаға

Уран – 44 мың тоннаға

Мыс – 800 мың тоннаға

Фосфорит кендері – 82 млн тоннаға

Мұнай – 277 млн тоннаға

Конденсат – 1,9 млн тоннаға өсті

Сонымен қатар Қазақстанда жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылды. Инвесторларға учаскелерді таңдауды оңтайландыру мақсатында  интерактивті карта әзірленіп, алпыс алты мыңнан астам геологиялық есеп дайындалды.........

Ерлан Ғалиев, Ұлттық геологиялық қызметтің төрағасы:

- Бірыңғай платформада инвестордың өтінім беруінен бастап, лицензия алуына дейін цифрландырылған процесс іске асырылады. Осы бағытта Финляндия геопорталының моделі негізге алынды. Осылайша біз ашықтықты арттырып, сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етеміз.

Президент тапсырмасына сәйкес, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстан аумағындағы геологиялық-геофизикалық зерттеу көлемін 2,2 млн шаршы шақырымға дейін жеткізу жоспарланған. Бұл бағытта 3 жылға 20 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Арман Балтабайұлы, мендігі ақпарат осындай.