Астанада 60 қысқы демалыс орны бар
Қыстың шыжығы ғана емес қызығы да көп.
Әсіресе алты ай қар жататын Астанада қысқы ойын түрлері үшін көңіл көтерер орындар көп.
Шаһарда алпысқа жуық қысқы демалыс орыны бар. Мұз айдындары мен сырғанақтардың алды осы жексенбіде ашылды.
Қыстың қызығы қардан қала тұрғызып, мұзда сырғанау. Мерекелік демалысты пайдаланып, мұз айдындарының біріне келдік. Коньки тепкен балалардың қарасы қалың, бірін сөзге тартып көреміз.
Еділ Мамырайхан, Астана қаласының тұрғыны:
- Біз осы жерде мектепке келгеннен кейін коньки аламында, осында келемін. Басқа балаларды көремін, мына жерде коньки айдаймын. Мына жерде коньки айдаған өте ұнайды. Мысалы, мына жерде қатты тепкенде әр түрлі заттар істей аласың. Телефон қарап отырғаннан мына жерде коньки айдаған күшті.
Я, демалыс орындарында асыр салып ойнаған балалардың да, перзентінің қуанышын қызықтаған ата-аналардың да қарасы қалың. Бас-аяғы бас қаланың алты ауданында мұндай 60-қа жуық орын бар. Онда мұз қалашықтары тұрғызылып, мұз айдындары салынған.
Айдын Айбынұлы, Астана қаласы Алматы ауданы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімінің басшысы:
- Алматы ауданы және Сарайшық ауданында басты 14 локация бар. Ол жаңа жылдық безендіру толық жасалған. 14 локацияда 5 үлкен шырша орнатылған болатын жәнеде осы локациялардың барлығы шағын архитектуралық мүсіндермен, шамдармен безендірілген. Сонымен қатар ауданымыз бойынша 5 мұзайдыны 13 сырғанақтар бар.
Сондай-ақ жарқ-жұрт еткен шамдар, тізіліп тұрған шырша талдар мерекелік көңіл күйдің мерейін ашатындай. Жаңа жылды еске салып, қыстың қызығын тамашалауға толық мүмкіндік береді.
Шернияз Жалғасбекұлы, Ырыстанбек Оспанов