Аида Балаева Бибігүл Төлегенованы мерейтойымен құттықтады
Елордада Қазақстан және КСРО Халық әртісі, Кеңес Одағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенованың мерейтойына арналған концерт өтіп жатыр.
Ертең белгілі опера әншісі, актриса, педагог Бибігүл Ахметқызы 95 жасқа толады. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева қазақтың бұлбұл әншісін атаулы күнімен құттықтады.
Аида Балаева, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі:
- Біз бүгін Бибігүл Төлегеноваға құрмет көрсетіп жатырмыз. Оның әдемі дауысы ел өнерінің мәңгілік символына айналды десек қаталеспейміз. Бибігүл Ахметқызының шығармашылығында қазақстандықтардың бірталай буыны өсті. Ол дарынды мұғалім ретінде елімізді бүкіл әлемге танытып жүрген бір топ опера әншілерін дайындады. Әрине қазіргі қазақ мәдениетіне оның қосқан үлесі өлшеусіз. Сонымен қатар Бибігүл Төлегенова барлық жоғары наградаларға ие болған сирек әншілердің бірі. Оның еңбегін мемлекет басшысы жоғары бағалады. Халқымыз әрқашан ән өнерін дәріптеп келген. Менің ойымша, бұл талантты жоғары бағалау және жалпыхалықтық сүйіспеншіліктің көрінісі. Бибігүл Төлегенова өзінің мерейтойын сахнада атап өтуде. Бүгінгі концерт жалғыз іс-шара емес. Сүйікті әншіміздің мерейтойын мерекелеу аясында 95 жылдығына орай республикалық және өңірлік деңгейлерде 150-ден астам шара өткізілді. Ертең опера әншісі 95 жасқа толады. Бибігүл Ахметқызына зор денсаулық, сарқылмас қуат және жаңа шығармашылық жетістіктер тілеймін.