Алтайды аяз қысып тұр
Шығыс Қазақстанда түнде жел күшейіп, ескерту жарияланды.
Қазір аймақтағы шалғай аудандарды аяз қысып тұр. Әсіресе Алтай ауданында қатты үскірік. Күн температурасы мұнда минус 28-32 градусты көрсетті. Осыған байланысты аудан орталығындағы барлық мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Кеше Күршім, Ұлан, Самар сынды бірнеше ауданда қатты аяз болып, оқушылар үйден оқыған еді. Тіпті Алтай мен Марқакөлде сынап бағанасы минус 34-37 градусқа дейін төмендеген болатын.