Талдықорғанда бір топ журналист марапатталды

Талдықорғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыруға үлес қосқан журналистер марапатталды. Қоғам дертінің алдын-алу тақырыбында қалам тербеген тілшілердің үздік мақаласы  мен бейнематериалы  анықталып, авторларға  сый-құрмет көрсетілді.

Байқаудың өтуіне  Жетісу облыстық қоғамдық даму басқармасы мен «Жетісу жастар конгресі» қоғамдық бірлестігі ұйытқы болды.

Жыл сайын өткізілетін облыстық байқауға биыл 20 шақты материал ұсынылды. Соның алтауын әділ-қазылар алқасы марапатқа лайық деп таныды. Алакөл аудандық газетінің бас редакторы Алмат Есембековтың «Бүлінгеннен бүлдіргі алма» тақырыбындағы мақаласы  «Интернет-ресурстағы үздік мақала» деп танылды.

Алмат Есембеков, Алакөл аудандық газетінің бас редакторы:

-Халықты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске ынталандыру, солай қарай бағыттау бастау бұл қалам ұстаған біз сияқты әрбір журналистің міндеті деп есептейміз.

Байқаудың «Ең үздік мақтала» номинациясын «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Мұхтар Күмісбек  еншіледі. «Жетісу» телерадиокомпаниясының редакторы Мұрат Жұмабай «Үздік бейнеролик» иегері атанса, «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Қуаныш Қанатұлы «Әлеуметтік желілерді қамту» бойынша марапатталды. Ал, үздік журналистік зерттеу «Jetisu» газетінің тілшісі Гүлжан Тұрсыноваға бұйырды. Салтанатты жиында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алуға үлес қосқан мемлекеттік қызметкерлер де сый құрметке бөленді.