Астанада көлік және логистика саласының үздіктері марапатталды
Астанада көлік және логистика саласындағы үздік компанияларды «Магистраль Awards 2024» сыйлығымен марапаттау салтанаты өтті.
Халықаралық байқауға бас-аяғы 100-ден астам компаниядан өтінім түскен. Қазылар алқасы қатысушылардың көлік-логистика саласын дамыту мен ииновациялық шешімдерді енгізудегі бастамаларына назар аударып, үздіктерді анықтады. Аталмыш сыйлық салада жұмыс жасап жатқан компанияларды ынталандырып, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.
Қанат Әлмағамбетов, Қазақстан көлікшілер одағының директоры:
- Теміржол саласында, тас жол саласында қаншама жолдар салынып жатыр. Содан олар көріп, клиенттеріне айтуға тиісті. Жүктеріңізді Қазақстан бойынша өткізейік, Қазақстанда барлық инфраструктура бар деп.
Шара барысында еліміздің көлік саласында көп жылдар еселі еңбек еткен ардагерлер қауымы да марапатталды.
Әбдіғали Қоянбай, кеме жасау инженері:
- Сирек мамандықтың иесімін, мына кеме жасау инженері боламын. Кезінде Арал кеме жөндеу зауытында басталған еңбек жолым кейін Каспий, Атырау, Ресейдің қалаларында болдым. Қазақстанның тапсырысымен жасалған көліктерді қабылдауға қатыстым.