Ақмола облысының біраз аумағында бұрқасын соғып тұр

Павлодар, Қарағанды. Ұлытау  өңірінде де осындай. Одан әрі де Қостанайға дейінгі аумақтарда сырма жүріп, әлсін-әлсін қар борайды.

Кеше түнде Қызылорда мен Жезқазғанның арасындағы жолдың Ұлытауға қарасты бөлігі жабылды. Көліктің барлық түріне жүруге шектеу қойылған. Одан бөлек Жамбыл облысында Түркістанға қарасты Айша бибі ауылына дейінгі аралық та жабық тұр. «ҚазАвтоЖол» мекемесінің хабарлауынша бұл жол учаскелері таңертең ашылуға тиіс. Ал Арқа өңірінде қар түскен жолдар күні-түні тазартылып жатыр.