«Жүректен жүрекке» волонтёрлер тобының құрылғанына 10 жыл болды

Ақтөбеде «Жүректен жүрекке» волонтерлік жастар ұйымының құрылғанына 10 жыл толды, деп хабарлайды 24KZ.

Қайырымды жандар тобы жергілікті тұрғындармен қатар елдің өзге өңіріндегі мұқтаж азаматтарға қол ұшын созып келеді. Олар осы уақыт аралығында жүздеген әлеуметтік жобаны жүзеге асырып, 60 миллионнан астам теңгені игі істерге жұмсады. Коронавирус пандемиясы кезінде қатерлі дертпен күрестің алғы шебінде жүрді. Биыл су тасқыны кезінде де күндіз-түні дамылсыз еңбек етті. Бұдан бөлек, еріктілер тобы  жалғызілікті анаға баспана салып берді. «Жүректен жүрекке» бірлестігінің 10 жылдығына орай қайырымдылық концерт өтті.

Әлішер Садық, «Жүректен жүрекке» волонтёрлер тобының жетекшісі:

- Атқарған еңбегімізді, жасалған жұмысты қорытындылау мақсатында, бір жағынан халыққа есеп беру мақсатында осы қайырымдылық үлкен концертті ұйымдастырып жатырмыз. Қайырымдылық концерттен түскен қаражат әрі қарай мұқтаж отбасыларына таратылады. Осы халықтың көмегімен, жәрдемімен екі ортада көпір болып, 10 жыл бойы жұмыс істеп келе жатырмыз.