Ақтөбелік жастар қарияларға қолқабыс етіп жүр

Еріктілер жалғыз тұратын зейнеткерлердің ауласынан қар шығарып, үйлерін жинайды.

Облыстық ресурстық орталықтың жанынан құрылған волонтерлер тобы бүгін бес баспанаға тазылық жұмыстарын жүргізді. Жалпы өңірде мұндай көмекке мұқтаж жүздеген жан бар. Сондықтан студент жастар қайырымдылық шарасын «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бағдарламасымен ұштастырып, игі бастамаға өзге де қала тұрғындарын үлес қосуға шақырады.

Жанерке Мирашева, «Бір қадам» волонтерлік тобының жетекшісі:

- Жалпы акцияның басты мақсатын айтатын болсақ, ол экологиялық жағдайды жақсарту ғана емес осы әлеуметтік маңызы бар бастамаларға жастарды шақыру. Сонымен қатар әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қолға алу. Бұл жалпы халықтың күш-жігерін біріктіруге жарқын үлгі.