Қарағанды облысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдағандар ұсталды
Олар тізгіндеген «Audi A6» маркалы көлігін «Қарағанды-Астана» тасжолында тәртіп сақшылары тоқтатқан. Тексеріс кезінде жалпы салмағы 266 келіден астам 13 қап өсімдік тектес зат табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген зат кептірілген марихуана екені дәлелденген. Қазір күдікті екі азамат қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы:
- Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Прокуратураның келісімімен ұсталғандарға қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды. Қарағанды обылсының полицейлері есірткі қылмысының алдын алу жұмыстарын күшейтіп, облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қадағалау бойынша жұмыстарды жалғастыра бермек.