Туған-туысы жоқтар қалай жерленеді?
Көргеніміздей туған-туысы жоқ жандарды жерлеу үшін әкімдік мемлекетік сатып алу ойнатады.
Ал ұтып алған компания марқұмдарды жерлейтінін білдік. Ең қатты таң қалдырғаны діни-жоралғылар жасалмайды екен. Бұған не себеп?
Бұған тендерді ұтып алған компания өкілінің жауабы дайын. Ақысыз жаназа шығаратын имам қалмаған, ал әкімдік бұл үшін қосымша қаржы қарастырмаған деп ақталды. Ал бұл жауап әлбетте дін өкілдерін қанағаттандырмайды. Имамдар кісі өлімін кәсіпке айналдырған серіктестік сөз жүзінде тендердің жеңімпазы ғана болғанымен, марқұмды ақыретке аттандыратындарға артылған аманат үлкен деп ескерту жасады.
- Өзің жеке басы анықталмаған азаматтардың жатқан жеріне, яғни бейіттердің басына да барып қайттың. Тағы қандай ақпараттарыңмен бөлісе аласың?
- Байқоңыр ауданындағы зиратта болдым. Бұл аумақ 460 гектарды алып жатыр. Мен мұндалаған кей күмбездер адам бойынан асады. Туыс-тамыры тұрғызып берген зират пен жақыны жоқ азаматтардың жатқан жерін ажырату қиын емес. Шетте шоғырланған. Көзі тірісінде аты-жөні анықталмаған азаматтардың бейітінде де есімі жазылмаған. Құлпытастың орнында таяқша тұр. Онда марқұмның аты емес, сандар көрсетілген.
– Туған туысқандары жоқ көміп, былай тақтай қойып, көмеміз. - Мәселен, мына жерге 1680 деп жазып қойыпты. Бұл нені білдіреді? – Бізге ол цирларды морг береді. Біз оны білмейміз. – Ал мына жерде көріп тұрмыз, айналасын қоршап қойған. – Ол уже туысқандары табылған. Келіп өздері қоршап береді.
Марқұмдарды жерлеу туралы мемлекеттік сатып алуда да былық көп көрінеді. Бұл туралы жерлеу рәсімімен айналысатын кәсіпкердің бірі айтты. Күдік ұялататын тұстары көп болған соң тендерға екінің бірі қатыса бермейтін болған екен.
Қуаныш Жанболатұлы, құлпытас орнату қызметін көрсететін компания директоры:
- Иә, өзіміз көргенбіз қатысуға. Бірақ бізде ешқандай мүмкіндік болмайды. Неге дессеңіз, ол тендерда болмайтын техникалар. Ол жекеменшікте ондай техника бомлайды. Бірақ ол кісілерде де ондай техника болмайды. Ол үлкен тазалық фирмаларда. Бәлен миллионның техникасын тек соларға разрешение береді. Бізге бермейді. Сондықтан ол жақта бір форточкалар болады. Бәлен жылдың ішінде бір адамдар ғана. Ол адамдардан басқа ешкім жоқ. Олар ғана істейді. Олардың қағаздары бойынша якобы сол жерде сол техника тұрады. Бірақ ол техника жоқ шынын айтса.
Жерлеу рәсімінде де бәсеке жоғары. Finprom сайтының дерегінше, соңғы бір жылда Қазақстандағы жерлеу қызметінің құны 13 пайызға қымбаттаған. Батыс Қазақстан өңірінде баға тіпті 39 пайызға шарықтаса, Абай және Ақмола облыстарында 30 пайызға артқан. Жамбыл облысы мен Алматы қаласында ғана жерлеу рәсімінің құнында анау айтқандай өзгеріс жоқ. 1 пайыз. Бағаның қымбаттауына импорт себеп. Құлпытастардың дені Ресей, Украина, Қытай, Үндістаннан келеді деді мердігер компаниялар.
Мәди Жуанханов, жерлеу рәсімін ұйымдастыру компаниясының директоры:
- Зират жұмыстары бар, жерлеу рәсімдері бар, қоштасу рәсімдері бар. Чек қазір 300-350 мыңның аралығында шығып тұр. Орта деңгейде істейтін болсаң. Менің практикамда көрген ең қымбат тапсырыс, ол уақыттағы доллардың курсы бойынша 250 мың доллар болған Үлкен мавзолей көтерді ғой.
Тағы бір таңқалдырғаны жерлеу рәсімін кредитке рәсімдеуге де болады. Қайтыс болған туысын жер қойнына тапсыруға қаржысы жоқтар пайызы көп қарызға батып жүр. Байқағанымыздай, біздің қоғамда тек той жасауда емес, қара жердің қойнына тапсыру да бәсекеге айналған. Бірі зиратын зәулім сарайдай тұрғызады, бірі атаусыз-ақ қара жерге көмілген. Осы тұста сағаттың оқиғасы еске түседі. Арзаны да, қымбаты да бір уақытты көрсетеді.