ШҚО-да тау беткейінен үш мың метр қар түсірілді

Шығыс Қазақстан облысында жарылыс арқылы қарды түсіру жұмыстары басталып кетті.

Осы жолы қардың қалыңдығы 70 сантиметрге жеткен Самар, Ұлан аудандарында 3 мың текше метр ұлпа шығарылды. Жалпы өлкеде көшкін жүруі мүмкін 500-ге тарта учаске бар. Соның 300-ден астамы құтқарушылардың бақылауында. 100 шақырымға жуық жол бойында да қатер көп. Қазір арнайы топ әр бағыттағы қар қабаты туралы ақпарат жинақтап, орталыққа жеткізіп жатыр. Алдағы уақытта Өскемен-Алтай жолында және демалыс базасы көп шоғырланған Таулы Үлбі бағытында қауіпсіздік жұмыстары жүргізіледі.

Советбек Станбеков, ШҚО "Қазселденқорғау" ММ басшысы

- Жаңа жыл келе жатыр, мейрам. Сондықтан таулы  Үлбі аумағында бізде 26 қауіпті қар көшкіні ошақтары орналасқан,сонымен қатар сол жерде шаңғы базалары,туристік демалатын орындар бар.Екі мыңға дейін адам демалады. Сондықтан біз 26-сына сол таулы Үлбіде қар көшкінін,өздігінен түсетін қар көшкінін алдын алу профилактикалық жұмыстарын жүргізетін боламыз.