2025 жылы Жамбыл облысы 100% ауызсумен қамтылады

2025 жылы Жамбыл облысындағы барлық елді мекен таза ауызсумен қамтылады. Бұл жайында өңір билігі мәлімдеді.

Тіршілік көзінің тапшылығын жою мақсатында биыл аймаққа республикалық бюджеттен 21,5 млрд теңге бөлініп, 70-ке жуық жоба жүзеге асты. Дегенмен қаржы қаралса да құрылыс жұмыстары тұралап тұрған ауылдар бар.  

Шу ауданындағы Жайсаң ауылы биыл таза ауыз суға қосылды. Бұған дейін елді мекенде кеңестік кезеңнен қалған ескі су құбыры болған. Бірақ әбден тозғандықтан жұрт лай суды тұтынуға мәжбүр болды. Дегенмен қазынадан 467 млн теңге бөлініп, жаңа су желісі жүргізілді.

Гүлсім Кенжебекова, Жайсаң ауылының тұрғыны:

- Біз енді өзіміз жаңағы құдық қазып алғанбыз, бірақ сол ескі құбырдан ішіп отырған отбасылар да болды. Міне, ауылымызға су келді бір айдың көлемінде. Өте таза жақсы тәтті су келді. Біз өте ризамыз.

Ктм: Аудан билігі 70 миллион теңге бөліп барлық су тарату станцияларына дизельді генератор орнатып жатыр. Қосымша қаржы сұрауға ауданда жарықтың жиі өшуі себеп, - дейді жауаптылар.

Жадыра Каликов, Шу аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Ауданда электр желілерінің ескіруіне байланысты жаңағы светтің жиі өшуіне байланысты халықты сумен Скл тоқтаусыз беру мақсатында дизельный генераторлар қойылып жатыр. Аудандық бюджеттен биылғы 2024 жылға Шу қаласы мен елді мекендердің барлығын санаған кезде 12 дизельный генератор және трансформаторларын орнаттық.

2024 жылы өңірде 37 елді мекен мен  5 тұрғын үй алабына орталықтандырылған ауыз су желісі жүргізілді. Сонымен қатар 16 елді мекендегі су желісін қайта жаңғырту үшін 21,5 миллиард теңге бөлінді. Бірақ жобаның кейбірі кестеге сай жүріп жатқан жоқ. Мәселен Шу ауданындағы Сауытбек ауылын таза ауыз сумен қамту үшін, 2020 жылы 167 млн теңге бөлінген. Бірақ мердігер жұмысты жарты жолдан қалдырғандықтан, елді мекен тұрғындары әлі күнге сусыз отыр.

Жадыра Каликов, Шу аудандық ТҮКШ және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы:

- Осы 60 пайыз күйінде қабылдап алып жаңағы ЖСҚ 2020 жылы жасалған деп отырмын ғой. Қазіргі кезде қойылған бағалардың барлығы өсуіне байланысты корректировкаға енгізіп 2025 жылы толыққанды аяқтасақ деп жоспарлап отырмыз.

Ғалым Исақов, Жамбыл облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы:

- Облыс бойынша бізде 6 нысан бар. Ол жерде мердігермен мемлекеттік сатып алу нәтижесімен келіспеген 2 мердігер бір бірін соттасып жатыр. Бірақ  олардың қаржыларын бәрін бүгінгі күнге министрлікпен біз жұмыс жасап Скл ол ақшаларды біз қазір қайта сұратудамыз.

2025 жылы өңірде ауылдарды таза ауыз суға қосу үшін 33 жоба іске асыру жоспарланған. Ол үшін 40 миллиардтан аса теңге қажет. Республикалық бюджеттен қажетті қаржы бөлінсе аймақ халқы 100% таза ауыз сумен қамтылады.

 

Авторлары: Мерей Бает, Елдар Байділдә