Ақтауда 250-ден астам адам қан тапсыруға ниет білдірген

Ақтау жұрты ұшақ апатынан зардап шеккендерге қолдау көрсетіп жатыр.

Қан орталығына өз еркімен келген тұрғындардың қарасы қалың. Мамандар 250-ден аса адам қан тапсыруға ниет білдіргенін айтады. Алайда медициналық себептермен соның 110-ының қаны жарамды болып шықты. Енді қан қоры зардап шеккен азамаматтар түскен медицицналық ұйымдарға толық жеткізіледі. Тапшылық жоқ дейді, - ақ халаттылар. Сондай-ақ санавиация бортымен Ақтауға қосымша қан қоры жеткізіліп жатыр. Айта кетейік, бүгін орталық мамандары күшейтілген режимде жұмыс істейді.

Рафаель Сарсамалиев, Маңғыстау облыстық қан орталығының директоры