Астаналықтар ұшақ апатынан қаза тапқандар рухына тағзым етті
Астаналықтар ұшақ апатынан қаза болғандарға гүл шоқтарын қойып тағзым етіп жатыр.
Бауырлас елдің басына түскен қайғыны бөліскен тұрғындар Әзербайжан халқына қайғыра көңіл айтты. Дәл қазір бас консулдық ғимарат алаңында әріптесім
Кәмшат Мұхамеджан, тілші:
- Мен тұрған мына алаң Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Eлшілігі. Бүгін мұнда келіп, бауырлас елдің қайғысына ортақтасқан көптің қарасы қалың. Таңертеңгі апатты естіген жұртшылық есеңгіреп қалғандарын айтып жатыр. Қазір міне халық бас ғимарат алдына жиналып, гүл шоқтарын қойып, тағзым етті. Көктегі оқыс жағдай әрине, қос елге де оңай тимегенә анық. Қазақ пен Әзербайжан халықтары тағдыры да, табиғаты да ортақ бауырлас ел. Бұл қайғы бәрімізге ортақ.