Ұшақ апатынан аман қалған Әзербайжан азаматтары жақын арада отанына жіберіледі
Ұшақ апатынан аман қалған Әзербайжан азаматтары жақын арада отанына жіберіледі. Бұл туралы сол елдің Төтенше жағдайлар министрі мәлімдеді.
Кямаледдин Гейдаровтың хабарлауынша тек жансақтау бөлімінде жатқан 3 адам Ақтау қаласында қалады. Ал қалған азаматтар үйлеріне жеткізіледі.
Осыған дейін Әзербайжан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мен Azerbaijan Airlines бірлесе мәлімдеме жасаған болатын. Хабарламада зардап шеккендерді тасымалдау үшін авиакомпанияның арнайы рейсі жоспарланғаны, алайда жеткізу тек дәрігерлердің қорытындысынан кейін жүзеге асырылатыны айтылған.