Ұшақ апатына байланысты құтқарушылар іздеу жұмыстарын аяқтады

Маңғыстау облысындағы ұшақ апатына байланысты құтқарушылар іздеу жұмыстарын аяқтады. Оқиға орнына қосымша Ресей мен Әзербайжанның санитарлық авиациясы келді.

Егер зардап шеккендер мен қаза тапқандардың туыстары келген жағдайда облыс әкімдігі трансферт, орналастыру және тамақтану бойынша қажетті көмек көрсетеді. Өз кезегінде Көлік министрлігі Әзербайжанмен бірігіп жұмыс істейді. Және ертең Бразилияның авиация өкілдері мен Embraer компаниясы келеді деп күтілуде. Әлі жедел желі жұмыс істеп тұр. Оған мыңнан астам қоңырау түскен. Сондай-ақ Олжас Бектенов ұшақ апатына байланысты құрылған Үкіметтік комиссияның жұмысын қадағалап отыр. Премьер-министр жиында отандық авиациялық қауіпсіздікті күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді.