Судьяларды тағайындау процесі оңтайланады
Енді жылына 6 рет байқау өтеді. Бұл туралы Жоғары Сот кеңесінің мүшесі Ғафур Шаров мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Қазақстан соттарында 300 бос орын бар. Биыл кеңес небәрі 156 кандидатты ұсынған. Сондықтан бұл вакансияларға білікті заңгерлерді қабылдауды жылдамдату үшін бірнеше тетік енгізіліп жатыр.
Жаңа түзетулерде біліктілік емтиханын тапсырғаннан кейін үміткердің тағылымдамадан өткенге дейін конкурсқа қатысуға, белгілі бір соттан ұсыныс алуға, содан кейін тағайындау үшін ұсынылған сотта тағылымдамадан өтуге құқығы бар екені көрсетілген. Сонымен қатар шешім тезірек қабылдануы үшін құжат тапсыру мерзімін қысқартқан.
Ғафур Шаров, ҚР Жоғары Сот кеңесінің мүшесі:
- Конкурс жарияланады. Қатысамын деген тұлға екі ай мерзімнің ішінде құжаттарын тапсырып, одан соң ол құжаттардың заң талабына сай екені іріктеледі. Содан соң олар туралы барлық мәлімет автоматтандырылған ақпараттық жүйеге құйылады. Цифрландырылған түрде олардың жеке бастарының мәліметтеріне баға беріледі. Осы барлық процестер үш айдың мерзімінде, төрт айдың шамасына қарай ұзарып кететін еді. Енді қазіргі кезде жеке тұлғалар жөнінде құжаттар тапсыру мерзімін шегеріп, екі айдан бір айға дейін.