Апаттан жарақат алған Ресей азаматтары Мәскеуге жеткізілді

Ұшақ апатынан жарақат алған Ресей азаматтары Мәскеуге жеткізілді, деп хабарлайды 24KZ. Көрші елдің төтенше жағдайлар министрлігіне тиесілі арнайы борт Жуковский әуежайына қонған.

Онда 9 науқас бар. Біреуі бала. Жол бойы науқастардың жанында дәрігерлер, психологтар мен өзге де мамандар болған.