Ұшақ апатынан аман қалған 14 жолаушы Бакуге жеткізілді
Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған 14 Әзербайжан азаматы, түнде Бакуге жетті.
Бұл жөнінде Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Гейдар Алиев халықаралық әуежайына бірінші рейспен 7 адам барған. Ал екінші рейспен тағы 7 науқас пен ұшақ апатынан қаза тапқан 4 адамның сүйегі жеткізілді.