Қаңтар оқиғасы туралы жаңа кітап шықты

Қаңтар оқиғасы туралы жаңа кітап шықты

 

Алматыда белгілі жазушы, журналист Бигелді Ғабдулиннің «Қаңтар-22». Сәтсіз мемлекеттік төңкеріс және ұлттың оянуы» атты кітабының тұсаукесері өтті. Автор Қаңтар трагедиясы не себепті болды, қозғаушы факторы неде? Ұйымдастырушылар мен арандатушылар болды ма? Қайғылы оқиғадан қандай сабақ алуымыз керек деген сұрақтарға жауап беруге тырысады.

Жазушы, қоғам қайреткері Бигелді Ғабдуллин кітапқа  керекті деректерді екі жыл бойы жинап, зерделепті. Қақтығыс болған барлық қалаларға барған. Оқиғаға  қатысушылармен, куәгерлерлермен, қаза тапқандардың туыстарымен, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесіп, сұхбаттасады. Одан бөлек бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі, қол жетімді құжаттардағы  мәліметтерді мұқият талдайды. Сол оқиғалар бойынша әртүрлі комиссиялардың есептерін зерттеген. 

Бигелді Ғабдуллин, жазушы, журналист:

- Барлық аймақтарда осы қайнаған оқиға болған жерлерде болдым. Адамдармен кездесу оңай болған жоқ. Неге десеңіз көбі айтады «Айтқанмен не бар?», «Артында не ашылады?» деп көбі осыдан қашып жүрді. Менің алдымда қиындықтар болғаны мен жалғыз болдым. Жалғыз саяхатқа шығып сол облыстарда болдым. Ең бірінші кітап жазар алдында өзіме мақсат қойдым. Шындықты айту. Кеңірек осы қаңтар туралы халыққа хабар жеткізу.

Кітаптың өзіндік құрылымы бар. Әр тарау жеке облысқа арналған. Кітап «Оқиғалар шежіресінен» басталып, куәгерлердің айғақтары мен  автордың түсініктемелері жарияланды.  

Светлана Ананьева, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі:  

- Кітаптың қолжазыбасын оқыдым. Автор Қаңтар оқиғасы туралы көлемді зерттеу жасаған. Кітаптың жарыққа шығуы қоғамдық өмірімізде елеулі оқиға деп санаймын. 

Сондай ақ кітапта  азаматтық сектордың, шетелдік саясаткерлер мен сарапшылардың «Қаңтар оқиғасы» туралы пікірлері келтірілген. Кітап 2200 данамен орыс тілінде шықты.