Жезқазғанның жылу желілерін жаңғыртуға қаржы бөлінді

Жезқазған қаласының жылу желілерін реконструкциялау мен жаңғыртуға Үкімет резервінен 1,5 млрд теңге бөлінеді.

Қаулыға Премьер-министр қол қойды. Облыстағы жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы 639 шақырым. Ал тозу деңгейі – 58%. Желілердің негізгі бөлігі 1951 жылдан бастап пайдалануға берілді. Жезқазғандағы желілердің 60%-ға жуығы тозған. 89 мың тұрғыны бар қаланы жылу ЖЭО қамтамасыз етеді. Қалалық жылу желілерінің ұзындығы 398 шақырымға тең. Жылу желілерін реконструкциялау және жаңғырту жобасына енгізілген түзетулерге сай 5-нші іске қосу кешенінің 5-ші кезеңін аяқтау үшін 1,5 млрд теңге қажет болды. Үкімет резервінен бөлінген бұл қаражат 2024–2025 жылдардағы жылыту маусымының іркіліссіз өтуін қамтамасыз етуге тиіс.